Бухгалтер келесі міндеттерді орындайды және жауапты: Өткен кезеңдегі жылдық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуға және оларды жетекшілік ететін бағыт шеңберінде Мекеменің тиісті басқару органдарының қарауына енгізуге қатысады;  Ішкі құжаттарға сәйкес және жетекшілік ететін бағыт шеңберінде жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша Мекеменің орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құнының есеп-қисаптарын дайындау және қарау жөніндегі жұмысқа қатысады;  жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша жетекшілік ететін бағыт шеңберінде талдамалық анықтамаларды, баяндамаларды және тұсаукесер материалдарын дайындауды;  Ішкі құжаттарға сәйкес және жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін талдауды жүргізеді;  Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мекеменің әдіснамасын, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық құжаттарын әзірлеуге қатысады;  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық, талдамалық және нормативтік ақпаратты әзірлеуге және жетілдіруге қатысады;  өз міндеттері шеңберінде хат-хабар алмасуды жүргізеді;  кәсіпорын бөлімшелерінің қызметкерлеріне жетекшілік ететін мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетеді;  Мекеменің салықтық есепке алу мәселелері жөніндегі жұмысына жедел басшылық жасауда және оны үйлестіруде басшыға жәрдем көрсетеді.  Мекеменің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерін есепке алуды жүзеге асыру; тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету;  Жауапты аймағы бойынша салықтарды уақытылы есептейді;  бастапқы құжаттарды жауапкершілік аймағы бойынша қабылдауды, тексеруді және қажет болған кезде тіркеуді, олардың сақталуын қамтамасыз етуді және мұрағатта сақтауға дайындауды;  Халықаралық бухгалтерлік статистика стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есептілік есепті жасау процесіне қатысу;  жетекшілік ететін бағыт бойынша ішкі нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;  өзіне жүктелген міндет бойынша салықтық, статистикалық және өзге де есептілікті уақтылы ұсыну;  жауапкершілік аймағы бойынша активтерді немесе дебиторлық және кредиторлық берешекті түгендеуді жүргізуді және оған қатысуды белгіленген тәртіппен ұйымдастыру;  бухгалтерлік есепке алу деректері мен есептілікке байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;  өз міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде процестерді автоматтандыру және оңтайландыру;  өз міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Мекеменің шарттарын, мәмілелерін және ішкі құжаттарын қарау және қажет болған кезде оларға өзгерістер енгізу;  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді анықтау, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;  Басшысының уақытша болмауы кезеңінде (бір айға дейін) оның міндетін уақытша атқаруға;  Басшысы мен Мекеме басшылығының тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындауға;  Қазақстан Республикасы заңнамасының және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;  еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға жауапты болады;  қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, құпия және іскерлік ақпаратты, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпаратты жария етуге немесе тарап кетуіне жол бермеуге, заңнамаға, Жұмыс берушінің жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес жауап береді;  жұмыстан босатылған жағдайда, барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты, тауарлық-материалдық құндылықтарды желілік жетекшінің нұсқауы бойынша басқа қызметкерге (қабылдау-тапсыру актісімен куәландырылған) уақытылы беруге жауапты болады.